ШМО учителей-предметников с государственным языком обучения
2016-2017 оқу жылындағы мемлекеттік тілдегі пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
Жылдық тақырыбы:
«Білімі беруді жаңарту аясында жаң ақпараттық технология арқылы оқушылардың білімге деген ынта-ықыласын арттыру және жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан тұлға қалыптастыру».
Мақсаты:
Жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру; жан-жақты дамыған, өзіндіктанымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
Әдістеме бірлестік мүшелерінің жылдық тақырыптары:
Ахметова Р.Т.
«Оқушылардың технология сабағында ұлттық танымдылықтарын қалыптастыру».
Алиев Т.Р.
«Технология сабағында ПТД балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары. Әдіс-тәсілдерін анықтау».
Байшукенова Г.Ж. «ПДТ балаларды қазақ тілі және әдебиет пәндері арқылы танымдық қабілеттерін дамыту».
Бояубаева А.К. «Оқушыларды биология пәні арқылы адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау барысында жоба әдістерін дамыту».
Галимжанова Л.Н. «Тарих сабағында оқушыларды дамыта оқыту арқылы қоғамға бейімдеу».
Ешімжан Б.М. «Өзін-өзі тану пәні бойынша оқушылардың моральдік-рухани негіздерін қалыптастыру».
Есенгельдина Р.Б. «Математика сабағында өздігінен жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру».
Ибраева Т.Г. «Математикадан оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру бойынша жеке оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануды дамыту».
Курмангалина А.Ж. «Развитие творческих способностей учащихся на уроках русского языка и литературы».
Мерембаева Д.А. «Ақпараттандырылған технологиялар арқылы оқушылардың білімге деген жаңа көзқарасын ашып оқыту».
Сакбаева Г.А. «Қазақ тілі пәні арқылы оқушылардың тілдік қорларын дамыту және өз ойын еркін айтуға үйрету».